Пойыз рельстен шығып кетті - 5 адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезиядағы Ява аралында болған пойыз апатынан бес адам қаза тапты.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, нөсер жаңбырдан соң болған көшкін салдарынан пойыз доңғалақтары рельстен шығып кеткен.
Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Зардап шеккендердің саны бұдан да көп болуы ықтимал.