Пойыз рельстен шығып кетті, төрт адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Юта штатында Солт-Лейк-Ситиде пойыз рельстен шығып кетіп, төрт адам зардап шекті.
Оқыс оқиға жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырмау ұсынылатын шұғыл бұрылыста орын алған. Жолда қозғалыс тоқтатылды. Зардап шеккендердің ішінде екі адамның жағдайы ауыр. Олар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады РИА Новости.