Пойызда 1,6 кг герион тасымалдаған Қырғызстан азаматы ұсталды - ҚР ҰҚК

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - 29 мамыр күні «Меркі ж.д» шекара бекетінде шекарашылар Бішкек-Новокузнецк бағытындағы пойызда Қырғыз Республикасының азаматын ұстады.

Пойызда 1,6 кг герион тасымалдаған Қырғызстан азаматы ұсталды - ҚР ҰҚК

Оның қол сөмкесін тексеру барысында 1 килограмм 620 грамм салмақта героин тәркіленді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Осы факт бойынша тексеру жүріп жатыр.