09:04, 21 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Пойызда біреудің баласын ұрған әйел жазаланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша Х.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды, деп хабарланды Қарағанды облыстың сотының сайтында .
Азаматша Х. «Қарағанды-Семей» бағытындағы жолаушылар пойызының вагонында анасымен бірге келе жатқан баланы ұрып-соғып, жеңіл жарақаттаған.
Сот қаулысымен азаматша Х.-ға әкімшілік жаза ретінде 23 825 теңге айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.