Пойызда босанған әйел нәрестесін вагоннан лақтырып жіберген
Жаңа туған нәрестенің денесі темір жол өтпесінен табылған, деп хабарлайды РИА Новости.
«Алдын ала ақпарат бойынша күдікті әйелдің Чегдомын - Хабаровск жолаушылар пойызының дәретханасында қыз бала босанғаны анықталды. Туа сала нәрестені вагон терезесінен лақтырып жіберген. Хабаровскідегі Серышев-Воронеж көшелеріндегі темір жол өтпесінен бала денесі табылды», - деп жазылған мәлімдемеде.
Күдікті әйел 29 жаста, ол Чегдомын ауылында тұрады. Хабаровск қаласына өзінің 9 жасар үлкен қызымен келе жатқан. Қиыр Шығыс көлік полициясы қызметкерлері 5 сағаттың ішінде сол пойызбен Хабаровскіден Чегдомынға қайтқан күдіктіні ұстады. Күдіктіге медициналық көмек көрсетілді, 9 жасар бала кәмелетке толмағандарға арналған оңалту орталығына жіберілді.
«Қазіргі уақытта РФ ТК Қиыр Шығыс көлік тергеу басқармасының тергеушілері «Ананың баласын өлтіруі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.