Пойызда ішімдік ішіп, жолаушылардың мазасын алған жолсерік жазаланды

АРЫС. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері жолаушылар пойызында алкоголді ішімдік ішкен жолсерікті түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Пойызда ішімдік ішіп, жолаушылардың мазасын алған жолсерік жазаланды

7 ақпанда Арыс-2 станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне «Петропавл-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызының бригадирі жоғарыда аталған пойыздың жолсерігі сапар барысында қоғамдық тәртіпті бұзғанын және полиция қызметінің қажеттігі туралы өтініш айтып, арызданды.

Бригадирдің айтуынша, оның әріптесі жұмыс орнында алкогольді ішімдік ішкен, өзін дұрыс ұстамаған, қоғамдық орында балағат сөздер айтқан, осылайша қоғамдық тәртіп пен жолаушылардың тыныштығын бұзған.

Тексеру барысында көлік полицейлері Қызылорда облысының 26 жастағы тұрғынын анықтады.

Пойыз бастығының актісі негізінде құқық бұзушы пойыздан түсірілді.

Жолсерік «орташа» дәрежедегі алкогольді мас күйде болып шықты. Бұны медициналық тексерудің қорытындысы растады.

Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 440, 437 және 434-бабы бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырылды. О ған 10 АЕК ( 29 170 тенге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Түркістан облысы Арыс аудандық сотының шешімімен оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.