Пойыздан құлап кетіп, түсіп қалған жолаушы оның артынан 7 шақырым жүгірген

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Мәскеу-Нерюнгри бағыты бойынша бет алған пойыздың қозғалысы кезінде жолаушылардың бірі вагоннан құлап кетті.

Пойыздан құлап кетіп, түсіп қалған жолаушы оның артынан 7 шақырым жүгірген

Братскінің 42 жастағы тұрғыны қақаған 40 градус аязда далада қалып қойған, бірақ абыржымай, пойыздың артынан жүгіре жөнелген, деп хабарланды Қиыр Шығыс федеральдық округі бойынша көлік ведомствоның ресми сайтынан.

Лента. ру хабарлағандай, оқиғаның қай күні әрі қай жерде орын алғаны нақтыланбаған. Жолаушының сөзіне қарағанда, оқиға орын алмас бірнеше минут бұрын ол сыртқа шығып темекі тартып, кейін қайтқан кезінде есіктерді шатастырып алып, жұмыс істемейтін тамбурге мініп кеткен. Сөйтіп ер адам алға бір қадам жасап, рельске құлап кеткен. Оның үстіне пойыз қозғалып, жүре бастаған.

Братскінің тұрғыны пойыздың артынан жеті шақырым жүгірген. Бұл «жүгірудің» кезінде жолаушының үстінде тек футболка мен спорттық шалбар және жазғы ашық киім болған. Ол Рихард Зорге стансасына дейін жеткен, мекеменің басшысы ер адамға қажетті көмек көрсеткен.

Қазіргі уақытта көліктегі ІІМ бұл оқиғаға қатысты тексеру амалдарын жүргізуде. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жолаушы кімнің кінәсінен пойыздан құлап қалғанын анықтау үстінде.