Пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді
Бұдан бұрын хабарланғандай, 12 қарашада сағат 23:40 шамасында Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдай департаментінің кезекші қызметкерінен Қазалы-Арал бағытындағы Арал ауданына қарасты "Қамыстыбас-Шөміш" аумағының 2426 шақырымында ПК-7 П-1273 жүк пойызы рельстен шыққаны туралы хабарландыру түскен. Келеңсіз жағдайдың себеп-салдары тексеріліп жатыр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Шұғыл түрде оқиға болған жерге қалпына келтіру пойызы келді, мамандар бригадасы жұмыс істеп жатыр.
Қозғалысты қалпына келтіруге, пойыздарды мүмкіндікке орай барынша кешіктірмеуге байланысты барлық шаралар қабылданды.
Дер кезінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қысқа мерзімде - 5.51-де қозғалыс қалпына келтірілді.
Жөндеу жұмыстарына байланысты төмендегі: №378 Маңғышлақ - Алматы; №481 Ташкент - Самара; №618 Астана - Кызылорда жолаушылар пойыздарын кешіктіруге тура келді.