Пойыздар соқтығысып, 44 адам зардап шекті, бесеуінің жағдайы аса ауыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Арканзас штатында екі пойыздың соқтығысуынан зардап шеккендердың саны 44 адамға жетті, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Пойыздар соқтығысып, 44 адам зардап шекті, бесеуінің жағдайы аса ауыр

Дәрігерлердің айтуынша, олардың бесеуінің жағдайы аса ауыр.

Апат Брентвуд қаласының маңында орын алды. Жолаушылар пойызы техникалық жағдайға байланысты жылдамдығын бәсеңдетіп, тоқтауға мәжбүр болған. Артынша оны соңынан келе жатқан тауарлы пойыз соққан.