Пойыздың рельстен шығуынан екі адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франциялық Альпіде жолаушылар пойызының рельстен шығуы салдарынан кем дегенде екі адам опат болып, тағы бірнешеуі жарақат алды.
Өрт сөндірушілердің мәліметінше, екі вагон тіркелген пойыз Ниццадан Динь-ле-Бен қаласына бағыт алған. Бірінші вагон темір жол төсендісіне қарай шығып кеткен. Алдын ала деректерге қарағанда, пойыздың апатына рельс үстіндегі тас себеп болған. Қазіргі кезде оқиға орнында құтқарушылар жұмыс жасауда.