Пойызы қағып кеткен бойжеткенге қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды

«2 қыркүйекте таңғы сағат 07.28-де «Астана-Алматы-2» бағытымен сағатына 70-75 км жылдамдықпен келе жатқан 232-пойыздың машинисі Отар-Алматы-1 учаскесі, Шамалған БП-4030 жылдамдықпен өту бекетінен өтерде жолда бөтен адамды көріп, шұғыл тежегішті іске қосқан. Теміржолдан кесіп өтіп бара жатқан қыз пойыздың дабылына мән бермеген. Тоқтай алмаған пойыз оның қағып кетті. Қаза тапқан қыздың аты-жөні анықталған, оқиға туралы ақпарат Шамалған бекетіндегі ІІЖБ-ге берілді», деп хабарлайды баспасөз қызметі.
ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметіның мәліметінше, қайғылы оқиғаға тап болған қыз құлаққаппен ән тыңдап келе жатқандықтан, машинист берген шұғыл сигналды естімеген.
Теміржолдағы оқыс оқиғалары талдау жүріп келе жатқан пойыздардың адамдарды соғып кетуінің басты себептерінің бірі - теміржолдан өту кезінде адамдардың жеке және теміржол қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы екенін көрсетеді.
Әдетте адамдар теміржолдан өткенде белгіленбеген жерден өткенде, мас болғанда немесе телефонмен сөйлесіп не ән тыңдап келе жатқанда пойыздың сигналын естімей қалады.
Теміржолшылар үнемі тұрғындар арасында, мектептерде, оқу орындарында теміржолды пайдалану ережелерін түсіндіріп келеді.
Жаңа оқу жылының басталуына орай, теміржол қызметкерлеріне республикамыздың теміржолға жақын барлық мектептері мен басқа да оқу орындарында осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылған. Сондай-ақ желілік полиция бөлімдері және әскерилендірілген теміржол бөлімдерінің қызметкерлері бірлесіп теміржолға жақын маңдарда мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындарға да түсіндіру жұмыстарын, тексеру рейдтерін жүргізуде.