PR-міндеттерді креативтік және стандарттық емес жолдармен шешу идеялары нағыз дағдарыс кезінде туындайды - Әсел Қарауылова

АЛМАТЫ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Креативтік және тапсырмаларды стандарттық емес жолдармен шешу идеялары нағыз дағдарыс кезінде туындайды. Бүгін Алматыда ашылған PR-форумның негізгі мақсаты – саланың жетекші кәсіби мамандарымен бірлескен шешімдер шығару және ағымдағы мәселелерді талқылау. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстандық баспасөз клубының президенті, PG Communicationsтың әріптесі Әсел Қарауылова айтып берді.

PR-міндеттерді креативтік және стандарттық емес жолдармен шешу идеялары нағыз  дағдарыс кезінде туындайды - Әсел Қарауылова
- 5-ші Халықаралық PR-форум қазіргідей экономикалық дағдарыстың белең алған күрделі уақытында өтіп жатыр, кәсіпқойлар үшін бұл сонысымен де құнды. Оның мақсаты мен міндеттері қандай? Қазақстанның PR-саласы үшін бұл оқиғаның маңызы қандай?- Сіз дұрыс айтасыз, қазіргі жағдай оңай емес. Міне сондықтан да, біздің форум «Дағдарыстан туындағандар. PR Baby boom», - деп аталады. Біз дағдарысқа тоқырау ретінде емес, керісінше PR-индустрия мен Қазақстандағы жаңа технологияның гүлденуі мен дамуының жаңа мүмкіндіктері деп қараймыз.Өткен бес жыл ішінде біздің форум ірі және мейлінше беделді кәсіби алаңға айналып үлгерді, жыл сайын мұнда ТМД мен батыс елдерінің өкілдерін қос есептегенде 200 адам келеді. Форумның биылғы жылғы басты оқиғасы ресейлік және батыс елдерінің БАҚ-тары үшін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшысы Қайрат Келімбетовтің қатысуымен өтетін Интернет-конференция болмақ. Оның жұмысы барысында мемлекеттік холдингтің беделін басқару, инвесторлардың Қазақстанға сенімін қалпына келтіру, елдің банктік және қаржы секторын дамыту мен басқа да бірқатар мәселелер талқыланатын болады. Форумның биылғы жылғы жұмысы негізгі үш блокқа бөлінбек, олар: «жаһандық дағдарыс жағдайында елдің беделін басқару: сабақтары мен келешегі», «Дағдарыс кезіндегі PR-шешімдер: практикалық қоржындар мен қазақстандық және батыстық PR-мамандарының ұсыныстары» және «Дағдарыстан кейінгі жаңа кезеңдегі PR-индустрия: не күтеміз және неге дайындаламыз?». Аталған оқиғаның маңыздылығын ескермеу мүмкін емес ? ол PR-мамандарына жылға жететін кәсіби және энергетикалық күш-қуат береді, тиімді жұмыс жүргізудің қыры мен сырына үйретеді және әріптестермен пікір алмасу, басқа да көптеген мәселелердің мүмкіндігін шешеді. Форум оған қатысушылардың мүмкіндігінше өздеріне мол пайда алуларына икемді етіп орайластырылған: Индустрияның қазіргі заманғы бағыт-бағдарына қатысты пікірсайыстардан бастап, нақты ұсыныстар қамтылған шеберлік сыныптарын өткізуге дейін ұйымдастырылған.- Жаһандық дағдарыс кезінде жекелеген компаниялардың немесе жалпы бір елдің беделі үлкен маңызға ие болады. Біздің еліміз үшін, оның инвестициялық тартымдылығын көтеру мақсатына арналған ұсыныстар жасала ма? PR-салалардың халықаралық, атап айтқанда Қазақстандағы үрдістері қандай?- Ия, бүгінде бедел мен бедел капиталы негізінен компаниялардың топ-менеджменті деңгейінде қайта бағаланып жатыр. Дағдарыс кезінде сауатты коммуникация жүйесін, оның ішінде дағдарысқа қарсы шаралар жасай алмаған компаниялардың проблемалары анық көрініп қалып жатыр. Біздің форум ауқымында инвестициялық тартымдылықты көтеру тақырыбы басты маңызға ие, мен бұл туралы айтып өттім. Біз сарапшылардан фактілер келтірілген баяндамалар ғана емес, сонымен қатар нақты ұсыныстар да күтеміз.PR-салалардың халықаралық мақсаттарына қатысты: біздің алғашқы бірлескен отырысымыз осы мәселеге арналып отыр. Көптеген елдердің, оның ішінде Ресей, Болгария, Ұлыбритания, АҚШ-тың өкілдері PR-мамандары қандай мәселелермен бетпе-бет кездесуде және олар қалай шешіліп жатыр, осы елдер рыногындағы негізгі ойлар туралы айтатын болады. Осы бірлескен отырыс ауқымында форумға әзірлік барысында біздің компания жүргізген Қазақстандық PR-рыноктың негізгі мақсаттарын зерттеудің қорытындысы да ұсынылады.Бүкіл ақпаратты жайып салмай-ақ қояйын, дегенмен бірқатар мәселелерге тоқталып өтуге болады. Бюджеттің қысқаруы жағдайында компания жаңа тың жолдарды іздестірді ? компанияны алға жылжытатын Интернет-бағыттар күшейтілуде, тұтынушылармен тікелей коммуникация орнатылды, сататын жерлерде де коммуникация орнатылды. Дағдарысқа қарсы коммуникация мен стратегиялық жасалымдарға, компанияның топ-менеджменттері үшін PR-жаттығуларға сұраныс күрт өсе түсті. Көптеген құрылымдарда штаттық қысқартулар орын алды, соның нәтижесінде түрлі міндеттерді шеше алатын және шешімдер қабылдау деңгейінде жұмыс жасай білетін жоғары деңгейдегі көп функционалды мамандарға деген сұраныс артты.- Қазақстандық кәсіпкерлік үшін дағдарысқа қарсы бағдарламалар ұсыныла ма?- Ия, сөзсіз ұсынылады. Форумның әр секциясында тек қана баяндамалар ғана болмайды, сонымен қатар дағдарысқа қарсы бағыттарды жүзеге асыруға арналған нақты ұсыныстар айтылады. Барлық ұсыныстар түгелдей жинақталады, қорытылады және форумға қатысушыларға үлестіріледі.- Сіз PR Клубының құрылуына бастамашылардың бірі болдыңыз. Жас және осы саланың болашақ мамандарының кәсіби деңгейін көтеру үшін осы форумның маңызы туралы қысқаша айтып берсеңіз. Оларға Сіздің тілегіңіз.- Биылғы форумды біз тамаша жаңалықтармен қарсы алып отырмыз ? таяуда ҚР Білім және ғылым министрлігі PR-маманын мамандық ретінде өз жіктелімінде ресми түрде қайта қалпына келтірді. PR-Клубтың және Қоғаммен байланыс жөніндегі Ұлттық қауымдастықтың көп жылғы күш жұмсауы текке кеткен жоқ, мамандық қалпына келтірілді. Біздер бұған өте қуаныштымыз, өйткені, дәл бүгінгі дағдарыс кезінде PR-индустрия саласы жаңа білім мен дағдыға үйренген, төтенше жағдайда жұмыс жасай алатын, PR-индустрияның ерекшеліктерін ішкі сипатын жақсы білетін кәсіби мамандарға өте мұқтаж. Бүгінде PR-индустрия мамандығы жаңа даму кезеңін бастан өткеруде, өйткені, дағдарыс кезінде еңбек рыногындағы бәскелестік күшейе түседі. Міне, сондықтан да мамандықты қалпына келтіру бұл кәсіпті дамытуға жол ашады.PR-Клубы осы салада жоғары бәсекелестікке жауап беретін отандық мамандар рыногын қалыптастыруды өз міндеті санайды және осы мақсатта студенттермен жұмыс жасауға мол қажыр-қайрат жұмсауда: студенттер үшін Клуб мүшелері ай сайын ашық шебер-сыныптар өткізеді. Биыл осымен жетінші рет PR-саласындағы үздік жұмыстарға «Ұшқыр жұпаргүл» атты студенттік байқау өткізілді. Студенттік байқаудың жеңімпаздары Халықаралық PR-форумда кәсіпқойлар алдында баяндама жасау құқығына ие болады. Мен жас мамандарға кәсіби біліктілік тілеймін: біздің мамандық өте қызықты және оның келешегі кемелді, дейтұрғанымен үлкен тәжірибе мен дайындықты қажет етеді. Сондықтан да, жастар өз мүмкіндіктерін жіберіп алмай, кәсібилерден үйренгендері абзал.- Сұхбатыңыз үшін рахмет және PR-форумға табыс тілейміз.