10:15, 19 Маусым 2010 | GMT +5
Прага әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалды
АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат - Праганың халықаралық әуежайында ұшуға дайындалып жатқан екі ұшақ соқтығысқан төтенше жағдай орын алды.

Бұл туралы Associated Press агенттігі жолаушылар әуежайының өкіліне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жолаушылар әуежайында екі әуелайнер, Lufthansa әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы мен түркиялық Sun Express әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшағы соқтығысып қалған.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-де болған бұл оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ деп хабарланды.