Прага әуежайындағы төтенше оқиға: екі жолаушы әуе лайнері соқтығысты

АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат - Праганың халықаралық әуежайында ұшақтардың ұшуға дайындығы кезінде төтенше оқиға орын алды. Бұл туралы РБК хабарлайды.
None
None

Прага әуежайында 2 әуе лайнері соқтығысты, олар: Lufthansa әуе компаниясына тиесілі Airbus A321 мен түріктің Sun Express әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшақтары.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта кішігірім ғана бүлінген ұшақтар жөндеуге жіберілді. Чехияның авиация басшылары орын алған оқиғаның жай-жапсарын анықтау үстінде. Прага халықаралық әуежайы қазір қалыпты режимде жұмыс атқаруда.

Соңғы жаңалықтар