18:21, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
Прагада автобус өзенге құлады, қаза тапқандар бар
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Чехия астанасында қалалық автобус дүйсенбі күні күндіз өзен жағалауындағы қоршауды бұзып, өзенге құлаған. Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, 14 жолаушы жараланды,
деп хабарлайды Чехияның ЧТК ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып РИА Жаңалықтар агенттігі.
Оқиға ПраганыңЗличин аудандында болған.
Қалалық автобус жолаушыларды Праганың орталығындағы "Глобус" ірі сауда орталығына жеткізуі керек еді.
«Автобус қоршауды бұзып, суға құлап бара жатқанда аударылған. Жүргізуші сол жерде қаза тапты, 14 адам жараланған, оның ішінде екі адам ауыр халде», - дейді Прага құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Йиржина Эрнестова.
Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі, құтқарушылар, арнайы кран мен медициналық тікұшақ жұмыс істеуде. Жараланған адамдар жақын жердегі ауруханаларға жедел түрде жеткізіліп жатыр.
Полиция болған оқиғаның себебін анықтауда.