Прагада күшті жарылыс болды: 40 адам зардап шекті

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Чехияның астанасы Прагада күшті жарылыс болды, деп хабарлайды РБК.
None
None

CTK телеарнасы хабарлағандай, шамамен 40 адам зардап шекті.

Қолда бар мәліметтер бойынша жарылыс Праганың Карлов университетінің әлеуметтану факультеті және Чехия Ұлттық театрының жанындағы үйде болған.

Жарылыс нәтижесінде ғимарат қатты зақымданған. Прагалық құтқарушылар тобының бастығы Зденек Шварцтың айтуына қарағанда, кем дегенде 40 адам, негізінен университет студенттері, жарақаттанған. Көпшілігінің жарақаттары сынған әйнектердің кесіп кетуіне байланысты орын алған. Төрт адам ауруханаға жеткізілді, олар ауыр жарақат алған. Әзірге расталмаған мәліметтер бойынша, жарақат алғандардың біреуі қайтыс болған.

Полиция бүкіл аудандағы адамдарды қауіпсіз жерге көшірді. Университет басшылығы жақын күндерде сабақтардың болмайтынын жариялады. Алғашқы мәліметтер бойынша, төтенше оқиғаға газдың жарылуы себеп болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар