Прагада мыңдаған адам ел президентінің отставкаға кетуін талап етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мыңдаған адам Прагада Чехия Республикасының президенті Милош Земанның отставкаға кетуін талап етіп шеруге шықты.
«Президент біздің арқамызда ел билігін қолға алды. Алайда, біздің пікірімізше, ол өз міндетін сәйкесінше орындап жатқан жоқ», - деді акция ұйымдастырушысы Мартин Пршикрыл.
Прага полициясының өкілі хабарлағандай, шеруде жапа шеккендер болмады. Праганың Кларов ауданында Милош Земанды жақтаушылар да шеру өткізді. Бұл шара 60 адамның басын қосты.
Милош Земанға қарсы тағы бір акция Чехияда аумағы бойынша екінші орындағы Брно қаласында өтті. Оған 500-ден астам адам қатысты.
Милош Земанның отставкаға кетуін талап ету науқаны 2 қарашада чехиялық радиоға берген сұхбатта президент Чехияда былапыт сөз деп есептелетін бірнеше сөзді қолданғаннан кейін басталған.