Прагада өтетін теннис турниріне көрермен жіберіледі

ПРАГА. ҚазАқпарат - Чехияның Прага қаласында өтетін теннис турниріне көрермен қатысуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Прагада өтетін теннис турниріне көрермен жіберіледі

Чехия үкіметі 8 маусымнан бастап 500 адамдық іс-шараларды өткізуге рұқсат берді. Осыған орай, Прагада жоспарланған теннистен өтетін турнирге көрермендер де жіберіледі.

«Жарыста әуелі көрермен саны аз болады. Одан кейін уақыт өте жарысты тамашалайтын көрермен санын өсіріп отырамыз», - деді ұйымдастырушылар.