Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды

ПРАГА. KAZINFORM — Прагада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті. Қазақстандық өнерпаз Чехия астанасында екінші рет шоу жасады. Алғашқы рет «Арнау» гастролі аясындағы концерті 2022 жылы өтсе, екі жылдан кейін «Stranger» атты жаңа бағдарламасы Sportovní hala FORTUNA аренасында өнерпаздың жанкүйерлерін қайтадан жинады. Бұл туралы DimashNews сайты жазды. 

Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды
Фото: dimashnews

Концертті Perfect Production ұйымдастырды. DimashNews редакторлары компания мамандарынан 2022 және осы жылғы болған концерттер арасындағы көзге анық байқалған айырмашылықтар туралы сұрады.

Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды
Фото: dimashnews

Концерт ұйымдастырушылары екі жыл бұрын да дайындыққа қатысқандарын айтты. Биылғы жылы компания әртістің Еуропадағы екі концертінің ресми ұйымдастырушысы ретінде әртістің өзімен және «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаевпен тығыз жұмыс жасап жатыр. 

Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды
Фото: dimashnews
«Димаштың концерттері қарапайым концерттердің қатарынан емес. Концерт қызықты да күрделі шоулардан тұрады. Техникалық қолдауға нағыз Шоу жасау үшін көптеген жарық және дыбыстық жабдықтар, led-экрандар, жанды музыканттар мен балет те бар. Мүмкін бұл менің тәжірибемдегі ең күрделі жоба шығар», – деп Perfect Production директоры Ян Ларионов өз пікірімен бөлісті.

Ян, сонымен қатар, Dears қауымдастығымен таныстығы туралы:

«Бір ерекшелігі, концертке әншінің ұйымшыл жанкүйерлері әлемнің түкпір-түкпірінен жиналады. Концерт қарсаңында қолдау көрсетуге келген әншінің жанкүйерлеріне ерекше тоқталғым келіп отыр. Олардың қатарында, тіпті, Австралия мен Латын Америкасынан да келген өкілдер бар сияқты көрінді.Концерт алдында көшеде жиналған жанкүйерлерге қарап, мен, тіпті, Олимпиада ойындарының ашылуына тап болғандай болдым. Әр фан-клубтың өз керек-жарақтары, өз костюмдері мен түрлі-түсті жарық гаммалары бар. Бәрі жан-жақты ұйымдастырылып, дайындалған», – деп өз ойымен бөлісті.

Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды
Фото: dimashnews

2024 жылдың қыркүйегінде Астанада өткен концерттік-шоу бағдарламасы Димаштың орындауындағы Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған болатын. Сол үрдіспен бұл кеште де ол әнұран шырқады, бірақ қабылдаушы елдің Чехияның әнұранынан бастады.

Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды
Фото: DimashNews

Концерт барлық жағынан жақындастырды. Ән арасындағы үзілістерде Димаш көрермендермен ағылшын, француз, қазақ, орыс тілдерінде ой бөлісіп, қытай тіліндегі әндерінің сол тілде дұрыс айтылу нақышын тексере отырып, жанкүйерлерін бірге қосылып ән айтуға шақырды.

Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды
Фото: dimashnews

Концерт барысында Димаш 9 жасар София есімді музыкамен айналысып жүрген қызды сахнаға шақырды. Жас вокалист еш қиналмастан үлкен сахнадан Уитни Хьюстон әнінің үзіндісін орындап, көрерменнің қошеметіне бөленіп, Димаштың өзінен гүл шоғын алды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мажарстанның премьер-министрі Димаш туралы пост жазған болатын. 

 

Соңғы жаңалықтар