Прагада ұшақ шұғыл қонды, күдіктіні атып өлтірді
АСТАНА.ҚазАқпарат - Гран-Канария - Варшава бағдарымен келе жатқан Boeing 737-800 ұшағы жарылыс болуы қаупіне байланысты Прага әуежайына жедел қонуға мәжбүр болды, күдіктіні атып өлтірді, деп хабарлады РИА Новости.
«Праганың «Рузине» әуежайының ескі бөлігіне Канар аралдарынан Варшаваға бет алған Boeing 737-800 ұшағына жарылыс қаупіне орай еріксіз қонуға тура келді.
Полиция оқиға орнында күдіктіні атып өлтірді»,-делінген республикалық телеарна хабарламасында.
ІІМ басшысы Милан Хованецтің сөзіне қарағанда, ұшақтағы 160 жолаушының бәрі аман-есен эвакуацияланды, қазіргі уақытта олар тексеруден өтіп жатыр. Полиция тергеуді бастады.