13:39, 29 Қараша 2015 | GMT +5
Прагадағы ММА бойынша әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 6 медальға ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ММА бойынша Қазақстан құрамасы Прагадағы аралас жекпе-жек бойынша әлем чемпионатында жалпыкомандалық екінші орынға ие болды, деп хабарлады ҚР ММА баспасөз қызметінен.

«28 қарашада Прагада өткен финалдық жекпе-жектердің қорытындысы бойынша Сергей Морозов (61,2 кг дейінгі салмақ дәрежесінде), Жалғасұлы Жұмагелді (65,8 кг), Шавкат Рахмонов (77,1 кг), Дәурен Ермеков (84 кг) және Мохмад Сулиманов (+93 кг) күміс медальдарға ие болды. Рашид Дагаев (70,3 кг дейінгі салмақ дәрежесінде) әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды», -делінген хабарламада.
Осылайша, Қазақстан Республикасының құрамасы жалпыкомандалық екінші орынға қол жеткізді. Бірінші орыннан Ресей, үшінші орыннан Әзербайжан командасы көрінді.