Православие Қазақстанда маңызы жағынан және оны дәріптеушілердің саны бойынша исламнан кейінгі екінші орында - Бүкіл Русь Патриархы Кирилл
АЛМАТЫ. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Бүкіл Русь Патриархы Кирилл Орыс православ шіркеуі мен қазақстандық өкіметтің арасындағы ынтымақтастықтың жалғасатынына үміт артты.
Бұл туралы Патриарх кеше Алматы жұртшылығымен болған кездесу барысында мәлім етті. Оның айтуынша, православие - Қазақстан тарихының ажырамас бөлшегі, яғни оның тарихы терең ғана емес, келешегі де кемел. Қазақстан халқының үштен бірі православиені дәріптейді. Қазақстанда ол маңызы жағынан және оны дәріптеушілердің саны бойынша исламнан кейінгі екінші орында.
Патриарх өз сөзінде атап көрсеткендей, Орыс православ шіркеуі мен Қазақстан өкіметінің арасындағы бүгінгі қарым-қатынас барынша сенімді. Және Қазақстан Президенті мен жергілікті шіркеу басшылығы Митрополит Мефодийдің ондағы еңбегі зор.
«Қаңтардың 7-сі күні елде Рождество мерекесінің тойланатыны және бұл күннің демалыс екені қуанышты жайт. Бұл шын мәнінде, діндарлар мен олардың салт-дәстүрлеріне көрсетіліп отырған құрмет», - деді Патриарх өз сөзінде.
Оның айтуынша, соңғы жылдары Орыс православ шіркеуі мен қазақстандық өкіметтің арасындағы ынтымақтастық артып келеді. «Өткен жылдың шілде айында мен Діндер жөніндегі комитеттің төрағасы Ардақ Досжанды, ал қазан айында Мәскеуге ресми сапарының аясында Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдадым. Бұл қарым-қатынастар мәдениетаралық диалогқа үлкен қолдау болып отыр», - деді Патриарх өз сөзінде.