Праймериз еліміздің саяси жүйесін эволюциялық тұрғыда дамытудың алғышарты - Ерлан Саиров

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының праймеризі еліміздің саяси жүйесін эволюциялық тұрғыда дамытудың алғышарты. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Баршамызға белгілі, бүгінгі таңда дүниежүзінде әртүрлі әлеуметтік, экономикалық процестер жүріп жатыр. Мемлекет институтының өзі қазір трансформацияға ұшырауда. Міне, осындай процестер Қазақстанға да келіп жетті. Қазақстан халқының демократияға, прюрализмге деген сұранысы артып келеді. Осы тұрғыда «Nur Otan« партиясының праймеризі еліміздің саяси жүйесін эволюциялық тұрғыда дамытудың алғышарты деп қарастыруға болады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Сондықтан саясаттанушы бұл праймериз әділ, таза, транспарентті өтуі өте маңызды екендігін баса айтты.

«Өйткені, бүгінгі таңда дүниежүзі сияқты Қазақстанда да билікке, сонымен бірге саяси партияларға сенімсіздік бар. Сенімді қалыптастыру үшін праймеризді әділ және таза өткізу керек. Сонымен бірге жастарды тарту қажет. Жастар - еліміздің дамуының, ары қарай реформа жасауының негізгі драйвері», - деді Ерлан Саиров.


Соңғы жаңалықтар