16:32, 21 Сәуір 2011 | GMT +5
Премьер елдің муайтай құрамасын Азия чемпионатындағы табысымен құттықтады
АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов елдің муайтай құрамасын Азия чемпионатындағы ІІІ орынымен құттықтады.
«Біздің спортшылар муайтайдан өткізілген Азия чемпионатында үшінші орынды иеленді. Құттықтаймын!», - деп жазды Үкімет басшысы Twitter -дегі жеке парақшасында.
Азия чемпионаты Иранда өткізіліп, онда біздің еліміздің намысын тоғыз спортшы қорғады. Қазақстандық спортшылар үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Ілияс Мусин (51 келі), Серік Құлмаханов (57 келі) пен Руслан Дүсенбаев (75 келі) екінші орындарды иеленді. Командаға қол медальдарды Әділет Түкенбаев (57 келі), Рауан Қалдыбаев (60 келі) және Эмиль Ұмаев (71 келі) әкелді.
Құрлықтық біріншілікке 26 елдің өкілдері қатысты.