Премьер-лига клубтарының арасындағы кездесулердің қорытындысы бойынша тараздықтар алда келеді

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанның 7 қаласында Премьер-лига клубтарының арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының 4-ші кезеңінің кездесулері өтті.

Премьер-лига клубтарының арасындағы кездесулердің қорытындысы бойынша тараздықтар алда келеді

«Тараз» өз алаңында «Ақтөбе» командасын 1:0 есебімен жеңіп, төртінші рет жеңіске жетті. Осылайша тараздықтар әзірге барлық кездесулерінде басым түскен жалғыз команда болып отыр.

 Сондай-ақ осы жарыс аясында Астанада өткен  қарағандылық «Шахтер» мен талдықорғандық вице-чемпион «Жетісу» командалары арасындағы кездесуде жеңіс 5:1 есебімен қарағандылықтарға бұйырды. «Қайрат» пен «Астана» командаларының арасындағы кездесу де тартысты өтті. «Қайраттың» қақпасына жауапсыз екі доп соққан астаналықтардың мерейі үстем болды.