19:00, 28 Қаңтар 2009 | GMT +5
Премьер-Министр Әділет министрлігіндегі «Ахуалдық орталықтың» ашылуында болды
АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Әділет министрлігіндегі «Ахуалдық орталықтың» ашылуында болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, орталыққа онлайн режимінде құжаттар мен халыққа қызмет көрсету шаралары туралы ақпарат келіп түседі. Сондай-ақ онда ХҚКО ісінің ашықтығын қамтамасыз ету шаралары қамтамасыз етілген. Яғни, енді бақылау жүйесімен «Ахуалдық орталық» қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына арнайы талдау жасай алады. Сол арқылы операторлар құжаттардың кешігіп тапсырылуы секілді себептерді анықтап, оларды жоя алады. Мұнымен қоса, аталған орталық жүйесінің көмегімен аумақтық органдармен бейне құрылғылар арқылы кеңестер өткізу мүмкіндігі бар.
Әділет министрлігі мамандарының айтуынша, «Ахуалдық орталығы» қызмет көрсету сапасын жақсартуға және мемлекеттік деректер қорын толықтыру шаралырын жүзеге асыруда септігін тигізбек.