Премьер-Министр АӨК дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кеңес барысында мемлекеттік агроөнеркәсіп саясатын жетілдіру, сондай-ақ Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген АӨК-тің басым бағыттарын дамыту карталары қаралды.

Анықтама: Карталар 13 бағыт бойынша әзірленді:

ауыл шаруашылығы кооперациясы;

аграрлық қайта өңдеу;

АӨК-ні қарқынды техникалық қайта жарақтандыру;

тұқым шаруашылығы;

фитосанитарлық іс-шаралардың тиімділігін арттыру;

агрохимия; жемшөп өндіру (жемшөп теңгерімі);

көтерме-үлестіру орталықтары;

егіндікті айналымға тарту;

отарлы қой шаруашылығы;

аграрлық ғылымды түбегейлі жаңғырту; 

сиыр еті өндірісі; 

мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру.

Соңғы жаңалықтар
telegram