Премьер-Министр АӨК өнімдерін өндіруге жекеменшік шаруашылықтарды тартуды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қызылорда облысы шаруа қожалықтарының жетекшілерімен өзекті мәселелерді талқылады. Кездесуде басты мәселе ауылдық жерлерде жұмыспен қамтуды арттыру шараларын тьалқылау болды, деп хабарлады Үкімет басшысының Pm.kz реми сайты.
None
None

К.Мәсімов айтып өткендей, қазіргі кезде мемлекет, әсіресе, ауылдық жерлерде жұмыспен қамтуды белсендіру үшін бірқатар шараларды қолға алуда.

Ол сонымен қатар бүгінгі күнде ауылдық жерлердегі өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар саны 1,5 млн адамға жуықтағанын атап өтті.  

Премьер-Министр жекеменшік қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін жұмыспен қамтуға тартуды тапсырды. Ауыл шаруашылығы кооперативтері қосымша жүн түтіп, тері илеумен, көкөніс өсірумен, ара шаруашылығымен, құс өсіру отбасылық кәсібімен, тауарлық балық өсірумен айналыса алады.

Соңғы жаңалықтар