Премьер-Министр Аралды қалпына келтіру бойынша жұмыс сапасын бағалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Қызылорда облысында жүр. Арал ауданына келген соң Кәрім Мәсімов Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу бойынша жұмыс сапасын бағалады, деп хабарлады Pm.kz.

Премьер-Министр Аралды қалпына келтіру бойынша жұмыс сапасын бағалады

Жауапты тұлғалар Кәрім Мәсімовке «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасының екінші кезеңінің жүзеге асырылуы туралы баяндады.