Премьер-Министр: Астана инвестиция үшін айтарлықтай перспективалы мүмкіндіктер ашады

Бүгін VI Астана экономикалық форумы аясында өтіп жатқан «Астана Инвест-2013» ІV Халықаралық инвестициялық форумы барысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осылай мәлім етті.
«Астанада бүткіл қоғам өмірінің барлық мәселелері талқыланатын шынайы диалог алаңы қалыптасты. Ең бірінші кезекте бұл мемлекеттер экономикасына байланысты мәселелер екені айқын. Ал Астана экономикалық форумы аясында жасалатын ұсыныстар әлбетте көптеген мемлекеттерге жетеді. Өйткені, мұнда әлемнің 100-ден астам мемлекет өкілдері қатысып отыр», - деген Үкімет басшысы форум жұмысына жеміс тіледі.
«Еліміздің жас Астанасы бүгінгі Қазақстанның бірегей өзгерістерінің прогресіне айналды. Елорда бүкіл еліміздің экономикалық дамуына қуатты серпін беріп отыр. Мемлекет басшысының қолдауы арқасында қала ірі саяси-экономикалық орталық қана емес, өңірдегі аса маңызды халықаралық оқиғалар орталығына айналды. Сондықтан да Астана инвестиция үшін айтарлықтай мүмкіндіктер ашады», - деді С. Ахметов.