Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне, облыс әкімдіктеріне көктемгі егіс науқанын ұйымдасқан түрде өткізуді тапсырды

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Кәрім Мәсімов Ауыл шаруашылығы министрлігіне, облыс әкімдіктеріне көктемгі егіс науқанын ұйымдасқан түрде өткізуді тапсырды.
None
None

Бұл тапсырманы Премьер-Министр Үкіметтің бүгінгі отырысында берді.

Кеше өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірқатар ағымдық мәселелердің шешімін қамтамасыз етуді жүктегенін айтқан Үкімет басшысы: «Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс әкімдіктері көктемгі егіс жұмыстарының ұйымдасқан түрде өткізілуін қамтамасыз етсін»,-деді.

Сондай-ақ К. Мәсімов осы аптаның сәрсенбісінде Үкіметтің тағы бір жиынының өтетінін айта келе: «Өмірзақ Естайұлы, осы аптаның сәрсенбісінде сағат 10-да селекторлық отырыс өтеді. Ауыл шаруашылығы министрлігімен, сәйкесінше әкімдіктермен көктемгі егіс науқаны бойынша дайындалаңыздар»,-деді.

Соңғы жаңалықтар