Премьер-Министр ауыл шаруашылық маңызындағы жерлерді инвентаризациялауды аяқтауды тапсырды

А. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Жер ресурстарын басқару агенттігіне ауыл шаруашылық маңыздағы жерлерді инвентаризациялауды аяқтауды тапсырды.

Премьер-Министр ауыл шаруашылық маңызындағы жерлерді инвентаризациялауды аяқтауды тапсырды

Ол бұл тапсырманы аталмыш Агенттіктің бүгінгі кеңейтілген алқа мәжілісінде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы орайда, бұл мәселенің маңыздылығына тоқталған Үкімет басшысы Премьер-Министрдің Кеңсесіне, Жер ресурстарын басқару агенттігінің басшылығына облыс әкімдерімен бірлесіп таяу уақытта осы тақырыпты қаузайтын арнайы селекторлық кеңес дайындауды тапсырды.

«Онда осы жұмыстың қалай орындалып жатқандығы жөнінде облыс әкімдері түгелдей есеп берулері тиіс», деді К. Мәсімов. Премьер-Министрдің пікірінше, ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлер инвентаризацияланбайынша, сондай-ақ ол жөнінде ақпарат толық болмайынша, келешекте жер қатынастары бойынша дұрыс шешім қабылдау өте қиынға соғады.