Премьер-Министр азық-түлік қауіпсіздігі мен жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі бойынша бірқатар тапсырмалар берді
«Елбасы өз сөзінде аграралық сектордың дамуына, азық-түлік қауіпсіздігінің бәсекелестікті қорғауға, жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне маңызды басымдық берді. Осы топтамадағы тиісті шараларды Үкімет басшысының орынбасары Өмірзақ Шөкеев қадағалайтын болады»,-деді К. Мәсімов.
Осы орайда Премьер-Министр Экономикалық даму және сауда министрлігіне, Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Бәсекелестікті қорғау агенттігіне, сондай-ақ өңір әкімдеріне азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігіне 30 сәуірге дейін отандық азық-түлік тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша тиісті ұсыныстар жасау жүктелді. Мұнымен қоса Ө. Шөкеев Жер ресурстары агенттігі және облыс әкімдерімен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу шараларын өткізеді.
Сонымен қатар К. Мәсімов жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұрғысында Экономикалық даму және сауда министрлігіне Әділет министрлігімен бірлесе отырып, Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен, әкімдермен тиісті кешенді шараларды әзірлеу мәселесін тапсырды.