Премьер-Министр азық-түлік тауарларының бағасы бойынша мәселені зерделуді тарсырды
АНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Бәсекелестікті қорғау агенттігіне, Ауыл шаруашылығы,
Экономикалық даму және сауда министрліктеріне азық-түлік тауарларына бағаның қалыптасуы мен азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін тыңғылықты бақылауда ұстауды тапсырды. Бұндай тапсырманы Премьер-Министр бүгін Үкімет отырысы барысында жүктеді.
Үкімет басшысы, атап айтқанда Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы баға мәселесін қарастыру керек екенін айтты.
Бұл мәселені үнемі назарда ұстау керектігіне тоқталған К. Мәсімов: «Жалпы себептермен монополистер, доминанттар өздерінің жағдайын пайдалана бастайды»,- деді. Осы орайда Премьер-Министр бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевке азық-түлік мәселесін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Ақпан айында азық-түлік қауіпсіздігі мен ондағы бағаны қалыптастыру шаралары бойынша Үкіметте арнайы селекторлық кеңес өтеді.