15:45, 28 Қаңтар 2009 | GMT +5
Премьер-Министр Б. Сапарбаевқа жеке блогындағы әлеуметтік мәселелерге қатысты сауалдарға жауап беруді тапсырды
АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевқа Үкімет басшысының жеке блогындағы әлеуметтік мәселелерге қатысты сауалдарға жауап беруді тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш министрліктің бүгінгі алқа мәжілісінде жеке блогына әлеуметтік саланы қамтитын көптеген сұрақтар түскеніне тоқталған К. Мәсімов: «Дәл қазір ол сұрақтарды оқып отырудың қажеті жоқ. Сізге таяу уақытта соларға жауап беруді тапсырамын», деді министрге қаратып айтқан сөзінде. Өз кезегінде Б. Сапарбаев интернетте оларға міндетті түрде жазбаша жауап беретін болып уәде берді.