13:55, 30 Мамыр 2009 | GMT +5
Премьер-Министр Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының жөндеу жұмыстарымен танысты
АЛМАТЫ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов күрделі жөндеуден өтіп жатқан Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Спорт сарайы 2011 жылы өтетін Қысқы Азия ойындарына байланысты жөндеуден өткізілуде. Құрылыс нысанын салып жатқан «СЭФ» компаниясының директоры Алексей Гурманның айтуынша, жөндеу жұмыстары сәуір айында басталған. Бұл бағытта республикалық бюджеттен алғашқы траншпен 3 миллиард теңге бөлінген.«Қазіргі кезде 5 миллиард теңгенің жұмысы орындалды. Қазір желдету мен жылыту, электрлендіру жұмыстары жүргізілуде. Қысқа дейін сыртқы жұмыстарды аяқтауды көздеп отырмыз», - дейді ол.Нысанды жөндеу жұмыстары 2010 жылдың тамыз айында аяқталады. А.Гурманның сөзіне қарағанда, қаржы осы қарқынмен бөлініп отырса, жөндеу жұмыстары мерзімінде бітеді. Ал оған 18 миллиард теңгеге жуық қаржы керек.