Премьер-Министр бірқатар қазақстандық банктердің басшылығымен кездесу өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ІІІ Съезі аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов екінші деңгейдегі банктер басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Премьер-Министр бірқатар қазақстандық банктердің басшылығымен кездесу өткізді

Кездесу барысында қаржы ұйымдарының өкілдері ел экономикасындағы жағда  йға қатысты өз пікірлерімен бөлісті және бірлесіп шешуді талап ететін проблемалы мәселелерді белгіледі. 

Сондай-ақ тараптар қаржы тұрақтылығын қолдау, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары аясында мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін талқылап, экономика және банк секторының ағымдағы жағдайы туралы пікір алмасты.