Премьер-Министр «Болашақ» ұстанымы бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыруға арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Болашақ» ұстанымы бойынша білім беру гранттары есебінен оқытушылардың біліктілігін арттыру аясында арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды.
None
None

Бұндай тапсырманы Премьер-Министр бүгін Үкімет отырысында жүктеді.

Кадрлық резерв мәселесін Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев қадағалайтынына тоқталған К. Мәсімов, «Елбасы Астанада, Ақтөбе, Шымкентте, Алматыда әлемдік деңгейдегі кәсіби-техникалық колледждерді құруды тапсырды. Білім және ғылым министрлігі әкімдермен бірлесе 1 айлық мерзімде тиісті ұсыныстар енгізеді»,-деді.

Сонымен қатар Үкімет басшысы «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Білім және ғылым министрлігі 1 айдың ішінде осы тұрғыда тиісті ұсыныстарды Үкіметтің қарауына енгізетінін айтып өтті. «Атап айтқанда, бұл тұрғыда кадрларға деген қажеттілік, кадрлық резервті қалыптастыру, түлектерді еңбекпен қамту мәселелері қамтылуы тиіс»,-деді К. Мәсімов.

Сонымен қатар Үкімет отырысында бір апталық мерзімде зияткерлік мектептер жұмысының тәжірибесін тарату бойынша ұсыныстарды зерделеу жүктелді.

Соңғы жаңалықтар