Премьер-Министр C.Ахметов ҚР Дін істері агенттігінің ұжымына жаңа басшы Марат Әзілхановты таныстырды

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Дін істері агенттігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Марат Әзілхановты таныстырды, деп хабарлады primeminister.kz сайтынан.

Премьер-Министр C.Ахметов ҚР Дін істері агенттігінің ұжымына жаңа басшы Марат Әзілхановты таныстырды

Үкімет Басшысы бұрынғы басшы Қайрат Лама Шарифтің Агенттіктің қалыптасуына қосқан зор үлесін атап өтті.

«Сіздің ұжымның алдында конфессияаралық келісімді, дін ұстану еркіндігіне азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл бойынша маңызды міндеттер тұр. Осы жұмыста Сізге табыстар тілеймін», - деді С.Ахметов.

Белгілі болғандай, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қ.Лама Шариф Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.