Премьер-Министр демонополизациялау бойынша бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Премьер-Министр демонополизациялау бойынша бірқатар тапсырма берді

Отырысқа қатысушылар телекоммуникация саласындағы бірқатар мемлекеттік активтерді иеліктен шығару заңдылығы мәселелерін, сондай-ақ азаматтық авиация мен автобус тасымалдарын демонополизациялау бойынша ұсыныстарды қарастырды.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.


Фото: primeminister.kz