Премьер-Министр девальвациядан кейін еліміздің жоғары оқу орындарындағы оқу ақысының өзгермеуін тапсырды

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевқа девальвациядан кейін Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы оқу ақысының өзгермеуін бақылауды тапсырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз министрліктің алқа мәжілісінде ақылы негізде оқитын студенттердің оқу ақысын сөз еткен болатынбыз. Оқу ақысы өзгермеуі тиіс. Ішкі рыноктағы оқу ақысы теңгемен саналады», - деді Премьер-Министр. Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігінің биыл қаңтардың 22-сінде болған алқа мәжілісінде министр Ж. Түймебаев оқу ақысын төлей алмағаны үшін 200 мың студент Қазақстанның жоғары оқу орындарынан шығарылады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айта келе, «2008-2009 оқу жылында жоғары оқу орындарының 7 мыңға жуық студенті оқудан шығарылған. Олардың 3 мыңы оқу үлгерімінің нашарлығынан және оқу орнымен байланысын үзгендіктен шығарылса, ақылы негізде оқитын қалған студенттер (4 мың ? ред.) бойынша министрлік ректорларға оқу ақысының икемді кестесін әзірлеуді тапсырды», - деген еді. Сондай-ақ министрлік оқу үлгерімі жақсы, озат студенттерге мемлекет есебінен 700-ге жуық грант бөліп жатқанын атап өткен болатын.
Соңғы жаңалықтар