Премьер-Министр «е-үкіметті» дамыту жөніндегі бағдарламаны түзетуді тапсырды

А. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Байланыс және ақпарат министрлігінде өткен Үкіметтің көшпелі отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «е-үкіметті» дамыту жөніндегі бағдарламаны түзетуді тапсырды.

Премьер-Министр «е-үкіметті» дамыту жөніндегі бағдарламаны түзетуді тапсырды

«Біз бұған дейінгі кеңестерде еліміздегі ақпараттық саланы дамыту мәселесін талқыладық. Менің ойымша, бұл электронды үкіметті дамытумен тікелей байланысты. Осы орайда Қазақстандағы LTI жүйесін, кең жолақты интернетті дамыту бойынша ұсынымдар айтқым келеді. Біз әртүрлі немесе қандай да бір планшетті компьютерлерді, не болмаса ұялы телефондардың жаңа түрлерін еліміз азаматтары үшін қол жетімді ете аламыз, оларды электронды үкіметке қалай тұйықтай аламыз? Осы жайлы ойланыңыздар», деді К. Мәсімов.

Премьер-Министр: «Маған келіп-кетіп жатқан кейбір әріптестерім планшетті компьютер немесе қандай да бір ұялы телефон арқылы өз үкіметін басқаруды жалғастырып жатқанын көріп жүрмін. Осы жайында ойлану қажет және тиісті ұсыныстарды ескере отырып «е- үкіметті» дамыту бағдарламасына түзетулер енгізу қажет», деді.