Премьер - Министр экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат. Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі Кәрім Мәсімов экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді,
деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Отырысқа қатысушылар шағын және орта бизнесті қолдау, үлескерлік құрылыс бағдарламаларын іске асыру тетіктерін, сондай - ақ, «Самұрық - Қазына жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қызметінің кейбір мәселелерін талқылады.