Премьер-Министр «Ғылым туралы» заң жобасын Парламентке тездетіп енгізуді тапсырды

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Білім және ғылым министрлігіне «Ғылым туралы» жаңа заң жобасын Парламентке мейлінше тездетіп енгізуді тапсырды. Ол бұл тапсырманы аталмыш министрліктің бүгінгі алқа мәжілісінде берді,

Премьер-Министр «Ғылым туралы» заң жобасын Парламентке тездетіп енгізуді тапсырды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы былтыр күзде Қазақстандағы ғылымды дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізіп, онда нақты міндеттерді жүктеді. Оған ғылыми топтың өкілдері қатысып, өздерінің көзқарастарын білдірді. Сондықтан да «Ғылым туралы» заңды соза бермей, бекітілген мерзімде Парламентке енгізіңіздер. Біз бұл бағытта ілгері жылжуымыз қажет», деді алқада Үкімет басшысы.