Премьер-Министр Индустрия министрлігіне индустриялық аймақтардың даму мәселесін пысықтауды тапсырды

нның 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Индустрия және сауда министрлігіне еліміздегі индустриялық аймақтардың даму мәселесін пысықтауды тапсырды,

Премьер-Министр  Индустрия министрлігіне индустриялық аймақтардың даму мәселесін пысықтауды тапсырды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Әсет Төрентайұлы, Сіз басқарып отырған ведомство жұмысшы орган ретінде индустриялық аймақтар мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұны әлемде жинақталған тәжірибені, соның ішінде Түркияда, басқа да елдерде пайда болған жаңашылдықтарды, индустриялық саясатты, біздің нақты мүмкіндіктерімізді ескере отырып қарастыру қажет. Осы істің бәрін бір жерге шоғырландырып,  біздің индустриялық аймақтарды қалай дамыта алатындығымызды қарау керек», деді Премьер-Министр Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешевке қаратып айтқан сөзінде.

 Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, бұл мәселені қолда  бар нақты қаржылық ресурстарға және қолдан келетін мүмкіндіктерге қарап шешкен жөн. «Екпінді басталып қойғандарға, оларды аяғына дейін жеткізуге күш салу қажет», деді ол.