Премьер-Министр Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А. Рауға сөгіс жариялады

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов экономиканы индустрияландыру бойынша жіберген олқылықтары үшін Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-премьері Альберт Рауға сөгіс жариялады.
None
None

«Жалпы индустрияландыру - бұл экономика құрылымын өзгерту. Бұл Үкіметтің барлық мүшелерін, барлық әкімдер мен барлық мемлекеттік органдар басшыларына қатысты мәселе. Біз әрбір жарты жыл сайын жобаларды іске қосамыз. Сосын әрбір салтанатты іске қосудан кейін олардың тоқтап қалып жататын жағдай орын алуда», -деді Серік Ахметов.

Осыған орай, Үкімет басшысы барлық министрлер мен әкімдерге жобалардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мен олардың жоспарлы қуатына шығару бойынша шаралар қабылдауды жүктеді. «Іріктеліп алынатын жобалардың сапасына қарау керек. Олардың экономикалық мақсаттылығын назардан шығармай, өткізу нарығын да зерттеген абзал», - деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар