Премьер-Министр ішкі нарықты отандық препараттармен қамту мәселесіне қатысты Ресей Үкіметімен консультациялар жүргізуді тапсырды

АСТАНА. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында ішкі нарықтардың 50 пайызын отандық препараттармен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты консультациялар жүргізу қажеттігін айтты,

Премьер-Министр ішкі нарықты отандық препараттармен қамту мәселесіне қатысты Ресей Үкіметімен консультациялар жүргізуді тапсырды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2014 жылы ішкі нарықтың 50 пайызын отандық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге тиіспіз. Мен Ресей Федерациясы Президентінің Жолдауын мұқият тыңдадым. Ол да Ресейде осындай міндет қойып отыр. Бұл мәселе бойынша біздер қандай да бір консультациялар жүргізуге тиіспіз», деді өз сөзінде К. Мәсімов.

Осы орайда екі ел де формацептика саласында бірдей мақсат көздеп отырғандығына тоқталған Үкімет басшысы: «Сайып келгенде Кеден одағы құрылғасын ендігі жерде біздің нарығымыз бір болайын деп тұр. Сондықтан да келешекте проблема болмас үшін басы артық инвестицияларды тарту мәселесіне мұқият қарауымыз керек. Біздер тауарлардың қандай топтары бойынша жұмыс істеп жатқандығымызды мұқият қарауға тиіспіз. Осы мәселе бойынша келіссөздер жүргізу қажет», деді Үкімет басшысы.