Премьер-Министр К.Мәсімов Павлодар облысының жаңа әкімін таныстырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Павлодар облысының активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Павлодарда облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысының облыс әкімі лауазымына Бақауов Болат Жұмабекұлының кандидатурасын ұсыну туралы хатын оқыды.
«Мәслихат депутаттары аталған кандидатураны бірауыздан қолдады», делінген хабарламада.