Премьер-Министр кадрларды даярлауда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасын қарастыруды тапсырды

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов мамандарды даярлау аясында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша бағдарлама әзірлеуді тапсырды.
None
None

«Әр жерде мемлекет істеуі тиіс деген айтылады. Ал өздеріне кадрлар даярлау бойынша жұмыс берушілердің ынтымақты жауапкершілігі қайда? Біз Құрылысшылар қауымдастығымен пікір алмасқан болатынбыз. Олар тиісті орталықтар құруға дайын екендіктерін алға тартуда. Мүмкін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бірлесіп салалық бағдарламаны құру керек шығар»,-деп тоқталған С. Ахметов: «Олар құрылыс, машина құрылысы салаларында білім орталықтарын құруға дайын. Бүгінде білікті құрылысшыларды табу қиын. Мәселен, қазіргі кезде Астанада тәуір дәнекерлеуші кем дегенде 300 мың теңге айлық алады. Алайда, осы білікті дәнекерлеушілер тапшы. Сондықтан да жұмыс берушілердің жауапкершілігін көтерейік»,-деді.

Үкімет басшысы мамандарды даярлау аясында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша бағдарлама әзірлеуді тапсырды. «Тек техникалық қызметкерлерді ғана емес, сонымен қатар басқарушыларды, менеджерлерді даярлау қамтылуы тиіс»,-деп түйді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар