Премьер-Министр Кан Жапонияның бүкіл аумағы бойынша радиацияның деңгейін тексеруге тапсырма берді

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Жапонияның барлық ауданында радиация деңгейіне тексеру жүргізілетін болады, сөйтіп халыққа «Фукусима-1» АЭС-індегі апатқа байланысты ахуал туралы нақты дерек берілмек.

Премьер-Министр  Кан  Жапонияның бүкіл аумағы  бойынша  радиацияның деңгейін тексеруге   тапсырма берді

"Ел премьері Наото Кан сәрсенбі күні өткен үкіметтің төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының мәжілісінде білім және ғылым министрлігіне, полицияға және азаматтық қорғаныс күштеріне осындай тапсырма берді", - деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Кан сондай-ақ өнеркәсіп министрлігіне радиацияның қауіпсіз және қауіпсіздік деңгейлері туралы нақты мәліметтерді дайындап, оларды халықтың назарына жеткізуді міндеттеді.

Үкімет басшысы өз сөзінде, «атом стансасынан 20-30 шақырым радиустағы аудандардың тұрғындарына шұғыл көмектесу шараларын» қабылдау қажеттілігін баса атап көрсетті. Оның айтуынша, 11 наурызда болған жойқын зілзала мен цунамиден кейінгі 5 күннің ішінде 26 мыңнан астам адам құтқарылған. Премьер сондай-ақ зардап шеккен аудандардағы халыққа азық-түлік, ауыз су және отын жеткізу жөніндегі көлік қызметтерінің жұмыстарын күшейтуге уәде берді.